Бүгінгі халықаралық балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған іс-шарада мектеп жанынан құрылған “Балдәурен” лагерінің  оқушылары да мерекеге орай өз өнерлерін ортаға салды.

Мектеп директоры Абдраймов Данабек Жақсылықұлы бүлдіршіндерді төл мерекелерімен құттықтап, болашақ ұрпақ әрқашан бейбітшілікте өмір сүруіне елін, жерін қорғайтын азаматтар болып өсуіне тілегін білдірді.

Мерекелік іс-шара  лагерь қатысушыларының көңілді флешмобы мен тәтті балмұздақтар таратылуымен, сондай-ақ “Біз жүйрікпіз, шапшаңбыз” эстафеталық ойындар мен “Бақытты балалық шақ балғын бояумен” асфальтке сурет салу мен жалғасын тапты.