Мектеп жанынан құрылған «Балдәурен» күндізгі тынығу лагерінің жұмысы оқушылардың өз өлкесінің тарихы мен тұлғаларына деген қызығушылығын оятып, еліміздің тарихын құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында Қызылорда облыстық тарихи өлкетану мұражайына және Көркемсурет галереясына танымдық экскурсия жасаумен жалғасын тапты.
Жас саяхатшыларға мұражайдағы тарихи жәдігерлер ұнады.